Атырау облысының комендатурасы ұрып-соғу туралы қауесетті жоққа шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Атырауда «Динамо» спорт залын митингіге қатысқандарды ұрып-соғатын жерге айналдырғаны туралы хабарлама таралып жатыр. Осыған байланысты Атырау облысының комендатурасы түсініктеме берді.
Құқық қорғау органдары қызметкерлері соққыға жыққандардың арасында блогерлер, азаматтық белсенділер және қарапайым тұрғындар бар екен. Атырау облысының комендатурасының хабарлауынша, бұл ақпарат – жалған.
Атырау облысының комендатурасы әлеуметтік желілерде «Динамо» спорт кешенінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан азаматтарды ұрып-соғу туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Жақындарын немесе туыстарын жоғалтқан адамдардан 102 операторына немесе 98-10-04 нөмірі бойынша хабарласуларын сұраймыз, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Атырау облысы Полиция департаменті тұрғындарға жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Болашақта еліміз жаңа мемлекет болады деген сенімдемін - сенатор
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы