Атырау облысының бірқатар ауданын су басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индер ауданында еріген қар суын сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы хабарлады.

26 ақпан күні сағат 16.20-дан Индер ауданы Индербор кентінің Астана көшесі бойында 30 см болатын еріген қар суларын сору жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті және Аудандық әкімшілік қызметкерлері күшімен сағат 20.45-ке дейін жүргізілді. Барлығы 110м3 су сорылды.

Жарсуат ауылының Ж. Қазиев көшесі бойына жиналған 25-30см болатын еріген қар суларын арнайы су сору техникасымен ауыл сыртына шығару жұмыстары Аудандық әкімшілік қызметкерлері күшімен сағат 20.45-ке дейін жүргізілді. Барлығы 78 м3 су сорылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2 қызметкері және 1 бірлік техникасы, Жергілікті атқарушы органның 11 қызметкері және 3 мотопомпа жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы