Атырау облысының әкімі тасқын қаупі жоғары елді мекендерді аралады

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Талдыкөл, Сарайшық, Махамбет, Сарытоғай және Ақжайық ауылдық округтеріндегі бөгеттерді нығайту және оны күшейту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімі нөпір суды елді мекендерден қауіпсіз өткізу туралы тапсырма берді. Осылайша республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолынан (72 км) су өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл бағытта қатынайтын ауыр жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылады. Жеңіл автокөліктер облыстық маңызы бар Атырау-Индер тас жолы бойымен жүреді, — делінген хабарламада.

Өңір басшысы Серік Шәпкенов жұмыстармен танысқан соң аудан әкіміне бөгет бойындағы кезекшілікті күшейтіп, қажетті техникалармен, жанар-жағармаймен және азық-түлікпен қамтуды тапсырды.

Махамбет ауданында тасқынның алдын алу үшін салынған бөгеттерінің ұзындығы — 105,8 км.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы