Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе отставкаға кететінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуі кезінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов істі болып жатқан бірінші орынбасарының кінәсі дәлелденсе отставкаға кетуге дайын екенін айтты.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заң бойынша мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлға өзінің тікелей бағынысындағы қызметкеріне сыйбайлас жемқорлыққа қатысты айып тағылып, сотпен дәлелденсе отставкаға кетуі тиіс. Мен де сол заңға бағынамын. Сондықтан егер орынбасырымның кәнісі анықталып, сот шешім шықса отставкаға кетуге дайынмын, - деді ол.

Бұған дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев және құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Оларға облыс жолдарының инфарқұрылымымен айналысатан компаниялардың бірінен 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр. Істің мән-жайын тиісті органдар тексеруде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы