Атырау облысындағы жол сапасын жақсарту мақсатында 93 жоба жүзеге асырылады
Атырау облысындағы көлік инфрақұрылымы саласында биыл бас-аяғы 93 жоба жүзеге асырылады. 1327 шақырымды құрайтын 45 елді мекенде жұмыс жүргізіледі. Бекітілген бюджет аясында 203 шақырым автомобиль жолдары жөнделіп, аймақтағы жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдарды 82 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ержан Хайноллаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазір облыс көлемінде жалпы пайдаланымдағы жол ұзындығы 6646,4 шақырым. Оның ішінде 1125,6 шақырым республикалық, 838 шақырым облыстық, 2050,9 шақырым қала жолдары, 1088 шақырымы аудандық және 1363,2 шақырымы ауылішілік жолдар. 2024 жылы өңірдегі жол инфрақұрылымы саласындағы жұмыстарға қазынадан 68.6 млрд теңге бөлінген.
Соның арқасында 42 елдімекенде 770,6 шақырым автомобиль жолдарының жөндеуі жүргізіліп, 312,5 шақырым жол мен асфальт жабындысы төселді. Ал биылғы жұмыстарға жалпы 48.1 млрд теңге бекітіліпті. Қаралған қаржыға 93 жоба жүзеге асырылады.
Облыстық маңызы бар автокөлік жолдары бойынша айтатын болсақ, 2019 жылы басталған 87 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының «Индер-Қарабау» аралығы аяқталды. Жол жиектері, жол белгілері, жол таңбалары және рекултиватция, абаттандыру сынды жұмыстар қалды. Ол маусым айында аяқталады. Жобаның жалпы құны 33,5 млрд теңге. Мердігер компания «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС. Техникалық қадағалушы- «ИПЦ-Альянс» ЖШС. Авторлық қадағалушысы «СПС» ЖШС. «Құрманғазы-Приморье-Утеры-Котяевка» автомобиль жолын күрделі жөндеу нысаны бойынша,6 ауыл, Құмарғали, Дәулет ауылдарына кірме жолдарын және жаяу жүргінші жолдарын жоба аясында салу үшін ЖСҚ-ға түзету енгізілді. Қазіргі таңда жұмыстар толық асфальт жабындысының астынғы қабаты және 22 шақырым үстіңгі қабаты салынып тиісті жұмыстар жалғасуда. 2025 жылы толықтай аяқталады,-дейді Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ержан Хайноллаев.
Ал Қызылқоға ауданындағы жалпы ұзындығы 45,8 шақырым болатын «Тайсойган ауылына кірме жолын» күрделі жөндеу нысаны аяқталды. Жоба құны 14,2, млрд теңге. Мердігер компания «АссанаДорСтрой»ЖШС. 18 шақырымды құрайтын «Миялы-Ойыл» автомобиль жолы күрделі жөндеу жұмыстары барысында 15 шақырым жол негізі жасақталып, 3 шақырым ірі түйіршікті асфальт жабысынды бастап төселуде.
2025 жылдың аяғына дейін толықтай асфальт жабындысы төселіп, қолданысқа беріледі. Сонымен қатар, Индер ауданы облыстық маңызы бар Атырау-Индер автомобиль жолының 117-167 шақырым (50 шақырым) учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары бойынша «ТемірЖолҚұрылыс» ЖШС-мен наурызайында келісім-шарт жасақталып, су тасынына байланысты жұмыстар тамыз айында басталды.
Қазіргі таңда, 25 шақырымына ескі асфальт жабындысы қырылып, 6% цемент және стабилизатор қосу арқылы рессайклинг әдістемесімен 20 шақырым жол негіздемесі әзірленген. 16 шақырымына үлкен түйіршікті, 4 шақырымына ұсақ түйіршікті асфальт төселіпті. Бұған қоса, Атырау-Индер автомобиль жолының 67-117 шақырым учаскесін орташа жөндеу бойынша мердігер мекеме анықталыпты.
Жоба құны -7,7 млрд теңге. Аталған 2 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып қолданысқа беріледі. Одан өзге облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» (202-317 км) автомобиль жолының Миялы-Сағыз аралығын орташа жөндеу бойынша техникалық құжаттамасы жасақталып, мердігер мекеме анықтау мақсатында конкурс рәсімдері жүргізіліп нәтижесі бойынша «АссанаДорСтрой» ЖШС-мен келісім-шарт жасақталды.
Қазіргі таңда, Ағымдағы жылы 50 шықырымына жөндеу жұмыстарын жүргізіп қалған 67 шақырымын 2026 жылы аяқтап қолданысқа беру көзделуде. 32 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар Қызыл-үй ауылына кірме жолын орташа жөндеу бойынша техникалық құжаттамасы әзірленді. Техникалық құжаттамада рессайлинг әдістемесімен жол негізін нығайту және жол жабындысына «ШПО» салу қарастырылған. Жоба құны – 1,6 млрд теңге. Жыл соңына дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, аудандық маңызы бар Жасқайрат ауылына кірме жолын орташа жөндеу бойынша техникалық құжаттама жоспарлануда. Сонымен қатар, облыстық маңызы бар Құрманғазы, Аққыстау және Мақат ауылдарына кірме жолдарын орташа жөндеу бойынша техникалық құжаттамалары жасақталуда. Сараптаманың оң қорытындысы алынып мердігер мекеме анықтау мақсатында конкурс рәсімдері жүргізілуде, - дейді Е.Хайноллаев.
Атырау қаласы бойынша да 2024-2025 жылдарға жолдарды жөндеу жоспары бекітілген болатын. Соған сәйкес 2024 жылы атқарылуы тиіс 34 жобаның 9 жобасы бойынша (Молдағалиев, Әліпов, Темірханов, Құнанбаев, Жұмағалиев, Берғалиев-Қошқарбаев, Құлманов, Молдағұлова, және С.Датов көшесі) жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді.
Ал 6 нысан бойынша (Әбілқайырханнан Сарқамыс ш/а бойымен Жастар көшесінен дейін – 2,862км, Жастар көшесі-11,7 км, Гагарин көшесі-1,8км, Т.Бигелдинов көшесі-1,9км, Атырау-Индер 0-10шқ-10км, Нұрсая ы/а 16 көше (Бейбарыс-Әбілқайырхан аралығы)-1,4км) құрылыс монтаждау жұмыстары ауыспалы нысан ретінде жүзеге асырылуда.
Ал 14 нысан бойынша (Азаттық, Махамбет, Сатпаев, Молдағұлова, Жарбосынов, Ерниязова, Абай, №5 сүзбе және Оң жақ кәріз тазалау ғимараты, Құттығай батыр, Қабдолов көшесі, Айналма жол «Амандосов-Тайманов», Тайманов «Ерік көпірі-Атырау Орал тас жолы», Доссорский көшесі «Махамбет-Датов аралығы», ҚТҚ бағыты) жұмыстар 2025 жылы жүргізілуде.
2025 жылы атқарылуға тиісті жоспарланған 23 жобалардың 6 жобалау-сметалық құжаттамаларының жарамдылық мерзімінің өтіп кетуіне байланысты қайта жасақтауды қажет етеді . Бұл Бегелдинов, Атырау-Индер 10-20км, Т.Алипов, Атырау-Орал, Мұқашев, Х.Досмұхамбетов-Меденов жолдарына қатысты жобалар. Ағымдағы жылы түзету енгізу жұмыстары жүргізілуде. Ал қалған 17 жоба бойынша жыл соңына дейін жасақтап, сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарлануда, - дейді Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржау Маратов.
Жауапты басқарма өкілдерінің дерегінше, жол құрылыстары аудандарда да қолға алынған. Мақат ауданы бойынша Мақат кентінің кентішілік 24 шақырым автомобиль жолдарын қайта жаңғырту, Мақат ауданының полигонына жол және инфрақұрылымдық желілер салу жұмыстары жүргізілуде.
Ал Индер ауданы бойынша Индербор кенті «Болашақ» шағын ауданына автомобиль және жаяу жүргіншілер жолының құрылысы, Индербор кенті «Шығыс» шағын ауданына автомобиль және жаяу жүргіншілер жолының құрылысы, Индербор кенті кентішілік автомобиль жолын қайта жаңғырту, Құрылыс ауылына ауылішілік автомобиль жолының құрылысы , Жарсуат ауылына ауылішілік автомобиль жолының құрылысы жұмыстары жүргізілуде.
Исатай ауданы бойынша 8,6 шақырым Исатай ауылішілік автомобиль жолын қайта жаңғырту, Тұщықұдық ауылішілік автомобиль жолын қайта жаңғырту, Зинеден ауылішілік автомобиль жолының 5.1 шақырымын қайта жаңғырту, Жанбай ауылішілік автомобиль жолының 9.5 шақырымын қайта жаңғырту, Ерғалиев ауылынан тратуарлары бар ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ Құрманғазы ауданы бойынша «Аккөл-Қызылоба-4 разьезд-Қиғаш» автомобиль жолының 43 шақырымын қайта жаңғырту , Дашино ауылына кірме және ауылішілік жолдардының 10 шақырымын қайта жаңғырту, Орлы ауылына кірме және ауылішілік жолдарды қайта жаңғырту , Жыланды ауылына кірме және ауылішілік жолдардының 13 шақырымын қайта жаңғырту , Жұмекен және Дәулеткерей ауылдарынан тратуарлары бар ауылшілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту, Аккөл ауылішілік жолын қайта жаңғырту , Алға ауылы тратуарлары бар ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде,- деді Н.Маратов.
Дәл осындай ауылішілік жолдарды жөндеу мен құрылыс жұмыстары Махамбет, Қызылқоға мен Жылыой аудандарында да жүргізіліп жатыр.