Атырау облысындағы жанжал атыспен аяқталды: Күдіктілер ұсталды
Атысқа қатысы бар екі күдікті қамауға алынды.
Индербор кентінде үш ер адамның арасындағы жанжал атысқа ұласты.
Оқиға 27 сәуір күні 30 жастағы ер адамның үйінің ауласында болған. Екі ер адам қарудан оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Кейінірек құқық қорғау органдарының қызметкерлері екі күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Олар Индербор кентінің тұрғындары - 2003 және 2004 жылы туған ағайындылар болып шықты.
Құқық бұзушылыққа жол берген күдіктілер дереу ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, – деп атап өтті Атырау облысының ПД баспасөз қызметі.
Зардап шеккен ер адамға ота жасалды, қазір ол хирургия бөлімінде жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жас жігітті атып кетті.
Тағы оқи отырыңыздар:
Астанадағы тұрғындарды шошытқан «атыс»
Жамбыл облысында әскери бөлімде қарауыл бастығы оқ тиіп, көз жұмды