Атырау облысындағы бір провизорлық орталық жабылатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының алыс аудандарында эпидемиологиялық жағдай қалыпқа түсе бастады.
"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, Ресеймен шектесетін Құрманғазы ауданында коронавирус індеті басталғалы 894 науқас тіркелген екен. Бүгінде оның барлығы жазылып шыққан. Тек бұрыннан созылмалы ауруға шалдыққан 12 науқас көз жұмыпты. Қазір жағдай тұрақты.
Айта кетсек, ауданда бұрынғы өкпе аурулар шипажайы жанынан қосымша ашылған 90 орындық госпиталь жұмыс істеген-ді. Қазір онда науқастар жоқ.
Күні бүгін ахуал тұрақты. 268 адам осы ауруханадан жазылып шықты. Дәрі-дәрмектердің барлығы жеткілікті. Осы келесі демалыста жауып, түгелдей адамдарды сауықтырып жібереміз деп ойлап отырмыз. Оны айтып тұрған себебім, соңғы 2-3 күнде бірде-бір науқас түскен жоқ. Екінші толқын көтерілген жағдайға толықтай әзірміз, - деді аудандық провизорлық-карантиндік орталықтың бөлім меңгерушісі Амангелді Өтешұлы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты күзде жалғасады
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы