Атырау облысындағы атыс. Сағызда күшейтілген режим орнады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыс болған Атырау облысының Сағыз ауылында күшейтілген режим енгізілді. Бұл туралы Атырау облысы ПД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.
Сонымен қатар, Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев оқиға орнына облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы барғанын хабарлады.Полиция қызметкерлері оқиға орнына барды. Жағдай тұрақты. Тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып, Сағыз ауылын тәулік бойы күзетіп жүр, - делінген хабарламада.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында ауыл жастары арасында атыс болғанын, кейіннен атыста жарақат алған бір адамның қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар, үш жігіттің жағдайы ауыр екені де айтылған.ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша тергеу жүріп жатыр, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бокс. Махмұд Сабырхан әлем чемпионатында шотландиялықты жеңді
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы