Атырау облысындағы 41 елді мекен бойында қорғаныс құрылыстары салынды

Өңірде Батыс Қазақстан облысындағыдай жұмыс жүргізілуде, онда су тасқынына қарсы алдын алу шаралары айтарлықтай шығынсыз өтуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметі бойынша, бүгінде облыста ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерін қоса алғанда, 10 өңірден келген құтқарушылар тобы бар.

Өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларға 14 мыңға жуық адам жұмылдырылды. ТЖМ қызметкерлері Жайық өзеніндегі су деңгейіне сағат сайын мониторинг жүргізеді.

Су басқан аймақтардан су сору жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Бүгінде Құлсары қаласында 2920 тұрғын үйдің 356-сы ғана су астында қалуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы