Атырау облысында жыл басынан бері өрт салдарынан 9 адам көз жұмған
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, жыл басынан 30 өрт дерегі тіркелген. Оның ішінде 163 өрт тұрғын үй секторында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тұрғын үйдегі жалынның салдарынан 16 адам әр түрлі жарақат алған. Ал жылыту маусымы басталғалы түрғын үйді 30 өрт шалғаны анықталып отыр.
Өрттің алдын алу мақсатында әлеуметтік тұрмысы төмен 1684 отбасы тұратын 376 үйге дабылқаққыш жабдығы орнатылды.
Бұл жабдық газ бен түтіннің иісі шыққанда дабыл белгісін береді, – деп хабарлады департаменттен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тәжікстан электронды темекіге толық тыйым салмақ
Өзгелердің жаңалығы