Атырау облысында жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстары белсенді атқарылуда
2024 жылғы 4 сәуірде еріген қар суының мөлшерінің артуы салдарынан «Атырау-Доссор-Құлсары-Ақтау» тас жолының 101-103 шақырымындағы жүру бөлігін су шайып, жалпы ұзындығы 20 метр болатын 2 жол учаскесі бұзылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылғы 12 сәуірде еріген қару суының деңгейі түсе сала, «ҚазАвтоЖол» филиал мамандары жол қозғалысын қалыпқа келтіру үшін бірден жөндеу жұмыстарын бастады.
Қазіргі таңда диаметрі 1 метр болатын 12 бірлік су өткізгіш металл құбырлар орнатылды. Аталмыш шараға 31 бірлік арнайы техника (5 жүк тиегіш, 20 қотарғыш, 2 жайғыш, 1 автогрейдер, 1 кран, 1 экскаватор, 1 трал) мен 39 адам жеке құрамнан жұмылдырылды. Сондай-ақ, учаскеде 1500 м3 фракциялық және инертті материал әзірленді.
Сонымен қатар, теміржол торабында 1035 м3 қиыршықтастар мен 600 м3 кесектастар жүктелуде. Қосымша 400 м3 кесектастар жолда келуде.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан Құлсары қаласының И.Тайменов және Құржұманов көшелері арқылы полиция патрульдік қызметімен жол қозғалысы жүзеге асырылатын болады.
«ҚазАвтоЖол» мамандары 2024 жылғы 15 сәуірге дейін жол қозғалысын ашуды жоспарлауда.
Сондай-ақ 14 сәуірдегі сағат 11:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай, ШҚО) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4970 метр болатын су тасқыны орын алды.
7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО, ШҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 550 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 339 бірлік техника мен 723 адам жұмылдырылған.