Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 шілде күні сағат 23:00 шамасында болған.

Республикалық маңызы бар Атырау-Орал тасжолының 19-шақырымында Toyota Prada және ВАЗ көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, – делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы