Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 22 тамызда сағат 18:50-де «Атырау-Орал» тас жолында болған.

Екі облыстың аралығындағы жолдың 93-шақырымда, Көктоғай ауылынан 25 шақырымда ВАЗ-2105 жеңіл көлігі және КамАЗ-53215 маркалы жүк көлігі соқтығысты. Индер ауданынан келе жатқан жеңіл көліктің 31 жастағы жүргізушісі жолда жүру ережесін сақтамаған. Соның салдарынан 1958 жылғы жүргізуші басқарған қарсы бағытта – Атырау қаласына қарай жүріп бара жатқан ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан «ВАЗ-2105» көлігінің жүргізушісі мен 1954, 1978 жылғы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы