Кеше 2026, 23:27
Фото: istockphoto.com
Атырау облысында Жайыққа батып кеткен 13 жасар баланы іздеу жалғасуда
Жасөспірім ағасымен бірге өзен жағасына келген. Кейін ол суға батып, із-түзсіз жоғалып кеткен.
Атырау облысының Индер ауданында Жайық өзеніне батып кеткен 13 жастағы жасөспірімді іздестіру жұмыстары екінші күнге жалғасып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 5 шілде күні сағат 16:00 шамасында Есбол ауылында болған. Жасөспірім ағасымен бірге өзен жағасына келген. Кейін ол суға батып, із-түзсіз жоғалып кеткен.
Есбол ауылдық округінің әкімі Асхат Тілекқабыловтың айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтаған жоқ. Оған құтқарушылармен қатар жергілікті тұрғындар да жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта баланың денесін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.