Бүгiн 2026, 18:21
Фото: pixabay.com
Атырау облысында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған әйел қаза тапты
Мақат ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан 68 жастағы әйел көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 22 мамыр күні Мақат кенті мен Байгетөбе ауылын жалғап тұрған жаяу жүргіншілер көпірінде болған. Әйел көпірден құлап, ауыр жарақат салдарынан көз жұмған.