Атырау облысында жасырын казино анықталды

Атырауда жасырын казино жұмысын жүргізген адамдар тобы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА Атырау облысы бойынша Департаментінің қызметкерлерімен арнайы кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде жасырын казино жұмысын жүргізген адамдар тобы анықталды.

Тінту жүргізіліп, ойын фишкалары, карталар 3300 АҚШ доллары, 957 000 теңге және де басқа да заттар тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты тұлғалар және куәлардан жауап алынды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді, - делінген ведомство хабарламасында.

Қылмыстық құқықбұзушылық ұйымдастырушалары өз әрекеттерін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы