Атырау облысында жарты тоннаға жуық балық қырылды

Атырау облысында жарты тоннаға жуық балық қырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2 қаңтарда Жылыой ауданындағы «Соленый» көліне құятын арнаның бойы өлі балыққа толып кеткен. Жауапты органдардан құрылған жұмыс тобы су мен балықтан сынама алып, зертханаға жолдады. Алдын ала болжам бойынша су қатып, балықтарға оттегі жетпеген. Қазір су маржандарын жинап, жою жұмыстары жүріп жатыр. Ал сынама нәтижесі алдағы аптада белгілі болады.

Балықтар мұздың астында, сондықтан жинап алу кішкене қиын болып жатыр. Жылыой ауданына қарасты Соленый су айдыны балық шаруашылығына маңызы жоқ. Су айдынында бұған дейін балық қырылу дерегі тіркелген жоқ, - деп мәлімдеді Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің бас маманы Әсел Ищанова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы