Атырау облысында жанармай таситын көлік өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында жанармай тасымалдайтын көлік өртке оранды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, көлік өрті кеше, 20 қыркүйекте сағат 18:42 шамасында орын алған.
Департаменттің диспетчерлік пультіне Атырау-Индер тас жолындағы Бесікті ауылының тұсында жанар-жағармай тасымалдайтын көлік өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер сыйымдылығы 23 тонналық жүк көлігінің кабинасы толық өртенгенін анықтады. Жалын сағат 19:09-да оқшауланып, сағат 19:13-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге арнаулы қызметтің 8 қызметкері мен 2 көлігі жұмылдырылды. Көліктің өртенуіне электр жүйесінің қысқаша тұйықталуы себеп болған, – деп түсіндірі департаменттің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әкім: Жыл соңына дейін 2000-ға жуық жұмыс орны ашылады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы