Атырау облысында заңсыз жүрген 9 шетелдік ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында заңсыз жұмыс істеген 9 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, шетелдіктер Қызылқоға ауданында заңсыз жұмыс істегені анықталған.
Өңірде 1 қыркүйектен бері «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Аталған іс-шара кезінде Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен шалғай елді мекендер мен қыстақтарды тексеру жүргізді. Тексеру кезінде алыстағы қыстақтарда тіркеусіз жүрген Қазақстан Республикасының 12 азаматы анықталды. Сондай-ақ заңсыз жұмыс істеген 9 шетелдік ұсталды. Оларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 492-бабымен, жұмыс беруші тұлғаларға аталған құжаттың 518-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аргентина Sputnik V шығаратын жаңа зауыт салуға ниетті
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы