Атырау облысында заңсыз киік аулаған күдіктілер ұсталды
Күдіктілерге қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20 қаңтар күні сағат 18:00 шамасында Миялы - Индер тасжолының маңында Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары Nissan Patrol автокөлігін тоқтатып, заңсыз киік аулаған 4 күдіктіні ұстады.
Тінту барысында 1 киіктің мүйізі мен бөлшектенген еттері, 2 қоян еті, 2 дана тегіс ұңғылы аңшы қаруы мен жарық шамы тәркіленді.
1993, 1999, 1999, 2004 ж.т., төрт күдіктіге қатысты тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігі 2-тармағы бойынша жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы