Атырау облысында заңсыз 137 киік мүйізі тәркіленді

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 наурыз күні Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1990 жылғы аудан тұрғынының мекенжайын тексеру барысында жер астына көмілген 137 дана киік мүйізін және 1 дана қол арасын тәркілеген. 

ҚР ҚК 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы