Атырау облысында қылмыстық топ құрықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізілген арнайы операция нәтижесінде спорттық орта мен ықтимал деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен тұратын адамдар тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Қылмыстық топқа қатысушылардың өңір кәсіпкерлерінен ақшалай қаражатты қорқытып алуға, қарыздарды "өндіруге" және дене жарақаттарын келтіруге қатысы бар.
Нәтижесінде топтың 5 белсенді мүшесі ұсталды, олардың кейбіреуі "ұрылар" идеологиясын ұстанып, трансұлттық қоғамдастықтардың көмекшілерімен байланыс ұстаған.
Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында үш бірлік әртүрлі қару түрлері мен оларға оқ-дәрілер табылып, алынды.
Ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұлтартпау шарасын таңдау жөнінде мәселе шешілуде. Екеуінен қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Билл Гейтс адамдарды чиптеуге қатысты жауап берді
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы