Атырау облысында үш күнде 1606 заң бұзушылық анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында үш күнде жол қауіпсіздігіне қатысты 1606 заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Атырау облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Жұмыс барысында тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігіне қатысты 1606 заң бұзушылықты анықтады.

 Оның ішінде 593-баптың 2-тармағы бойынша – 209, 592-бап (Белгіленген жүру жылдамдығын арттыру) бойынша – 201, 615-бап (Жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзу) бойынша – 187, 608-бап (Жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқаруы) бойынша – 10 әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кетейік, Атырау облысында 30 қаңтар мен 5 ақпан күндері аралығында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, - делінген хабарламада. 

 Бұл бағыттар бойынша жұмыстар өз жалғасын табуда.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы