Атырау облысында түйе жасөспірімге шабуыл жасады

Атырау облысының Құлсары қаласында түйе жасөспірімге шабуыл жасап, нәтижесінде ол жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Atyrau OIL Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, жануар жол жиегіне байлаулы тұрған. Алайда ол кенет қорқып, қасынан өтіп бара жатқан жасөспірімге секіріп, бірнеше рет жерге құлатқан. Оқиға сәті бейнежазбаға түсіп қалған, кадрлардан түйенің баланы басымен итеріп, жығып тастағаны көрінеді. Тек жолдан өткен көлік жүргізушісі дыбыс сигналын бергеннен кейін ғана жануар шегінген.

Жарақат алған жасөспірім Жылыой аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің көмегін алды.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, түйенің биркасы арқылы оның Маңғыстау облысында тіркелгені анықталған. Қазір жануардың нақты иесін анықтау бағытында тиісті органдар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы