Атырау облысында тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Атырау облысында тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы Қызылқоға ауданында ауылдық округтерге су басу қаупі туындауына байланысты Атырау облысы ТЖД құтқарушылары Жамбыл ауылдық округіне қарасты Абай елді мекенінің тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.

Бүгін Атырау облысының Жылыой ауданында су тасқыны болуы мүмкін аймақта тұратын халықты хабардар ету үшін дабыл сиренасы қосылды. 

Автобус тұрғындарды 10 эвакуациялық пунктке эвакуациялауда. Қазіргі уақытта 130 адам эвакуацияланды, оның ішінде 84 бала. Жағалауды нығайту жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Жұмыстарға ЖАО, полиция, әскери бөлімнің, ТЖД 323 қызметкері, 142 техникасы, еріктілер мен жергілікті тұрғындар арасынан 4540 адам жұмылдырылды. Құлсары қаласының станциясынан Атырау қаласына 5 вагоннан тұратын жолаушылар пойызы халықты тегін тасымалдауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы