10 Сәуір 2025 2025, 11:27
Фото: pixabay.com
Атырау облысында түнде жер сілкінісі тіркелді
Қазақстандық сейсмологтар ошағы Атырау облысы аумағында орналасқан жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық сейсмологтар ошағы Атырау облысы аумағында орналасқан жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық ұлттық дерек орталығының жедел дерегіне сүйенсек, жер асты дүмпуі 10 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 01:40-та тіркелген. Эпицентрі Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3. Энергетикалық класы - 9,1.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.