Атырау облысында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды
21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновке, ТЖ департаментінің жеке құрамына және азаматық қорғау органдарының ардагерлеріне жаңа тағайындалған бастығы полковник Нұрлан Жанабаевты таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нұрлан Мақсұтұлы Жанабаев 1984 жылы 11 желтоқсанда Гурьев (қазіргі – Атырау) облысының Махамбет ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. Азаматтық қорғау органындағы еңбек жолын 2006 жылы инженер лауазымынан бастаған.
Министр ТЖД-ның тағайындалған бастығына қауіпсіздік мәдениетін және халықтың құтқару ведомствосына деген сенім деңгейін арттыру үшін ұйымдастырушылық және практикалық шараларды орындау қажеттігін атап өтіп, бірқатар тапсырмалар берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҰБТ-2024: Әр пән бойынша шекті балл қандай
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы