Атырау облысында табиғатты бүлдіргендерге 189 млн теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында табиғатты бүлдіргендерге 190 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Оның 80 млн теңгеге жуығы өндіріліп алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департаменттің мемлекеттік бақылау бөлімінің мамандары жыл басынан бергі 6 айда табиғат қорғау заңдылығының сақталуына 57 тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде экологиялық заңнама талаптарының бұзылуына қатысты 131 дерек анықталды. Табиғатты бүлдіргендерге 189 млн 813 мың теңге 449 теңгенің әкімшілік айыппұлын салу туралы 79 қаулы шығарылды, - деді Атырау облысы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Сырым Тілегенов.

Оның айтуынша, табиғат пайдаланушыларға салынған айыппұлдың 79 404 265 теңгесі (63 айыппұл) ерікті түрде өтелді. Қазір айыппұлға қатысты өзге материалдар қаралып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы