Атырау облысында сұйытылған газ бағасы 50 теңге
7 айында шамамен 36 мың тонна тұтынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болат Ақшолақов Атырау облысының халқымен кездесуде сөйлеген сөзінде Атырау облысында 95-ке жуық автомобильге газ құю станциясы бар және 29 ұйым сұйытылған газды сатуды жүзеге асырады деді сөзінде.
Энергетика министрлігі өндіруші зауыттардың шығындарын ішінара өтеу мақсатында шекті көтерме бағаны тоннасына 33 600 теңге (19,7 теңге/литр) деңгейінде бекіту туралы бұйрық қабылдады, бұл сұйытылған мұнай газын (СМГ) өндірушілер мен өткізушілер арасында кірістерді әділ бөлуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ СМГ өндіру зауыттарын ынталандыруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған газдың бағаларын мемлекеттік реттеуді сақтап қалды және 2022 жылдың соңына дейінгі мерзімде сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағаларын бекітті, оған сәйкес Атырау облысындағы сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасы 1 литр үшін 50 теңге.
2021 жылы өңірде сұйытылған мұнай газын тұтыну шамамен 50 мың тонна. 2022 жылдың 7 айында шамамен 36 мың тонна тұтынылды.
Ведомство басшысы Энергетика министрлігі ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып және бағаның алыпсатарлық өсуіне жол бермей, СМГ-ны облыстар бойынша бөлуді реинжинирингтеу бойынша шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.
Осындай шаралардың бірі өндірушілердің белгіленген бөлшек сауда бағаларын негізге ала отырып, сұйытылған мұнай газына шекті көтерме бағаларды айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлеуі болады, бұл нарыққа қатысушылар арасында кірістерді әділ бөлуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ зауыттарды СМГ-ны өндіруге ынталандыруға мүмкіндік береді.