Атырау облысында сумен жабдықтау қызметінің бағасы негізсіз өсірілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі тұрғындарды толғандыратын өткір әлеуметтік мәселелердің бірі.
ҚМА тұтынушылардың мүдделерін қорғау шараларын қолданып бағаны негізсіз көтеруге қарсы әрекет етуде.
ҚМА Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті монополисттің тұрғындар мен заңды тұлғалар үшін магистральдық құбырлар арқылы сумен қамтамасыз ету тарифін асыра бағалау фактісін анықтады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 221-бабының 1-бөлігі (монополиялық қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен бірге, тұтынушыларға келтірілген залалды өтеу мақсатында 2022 жылдың соңына дейін Атырау облысының тұрғындары үшін аталған коммуналдық қызметтерге жеңілдетілген өтемдік тариф енгізілді.
ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу мүддесін сақтау үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске салайық, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Таразда жылу тарифін 15%-ға төмендетсе, сонымен қатар 2021 жылдың тамызында коммуналдық қызмет бағасының негізсіз өсуін тоқтатқан болатын.