Атырау облысында су тапшылығы мәселесі шешімін табатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысындағы ауылшаруашылығы мақсатындағы су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өңірдегі ауылшаруашалығы мақсатындағы су жетіспеушілігі мәселесі – Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың осы жылдың 30 қараша күні өңір кәсіпкерлерімен кездесуі барысында көтерілген болатын. Жиын барысында аймақ басшысы облыс аумағындағы 15 каналдың 14-і республикалық баланстан облыс теңгеріміне берілгенін мәлімдеген еді.Бүгінде облыс аумағындағы су жүйелерін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, облыс орталығына қарасты "Соколок" каналы бойында – Қайыршықты ауылдық округінің 25 шаруа қожалығы орналасқан. Жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінде аталған каналдың арнасын ашу, жолдарын көтеру және канал бойында су реттегіш шлюз құрылыстарын жүргізу сияқты жұмыстар жасалуда, - делінген ақпаратта.Сондай-ақ, Индер ауданындағы "Ақсай", "Бағырлай", "Құрайлы-сай" каналдары да жөндеуден өтпек. Бюджеттен аталмыш жұмыстарды жүргізу мақсатына 56 млн теңге қарастырылған. Мұндай жұмыстар Құрманғазы ауданындағы "Кобяково-Забурунь" каналына да жүргізіледі.
Ең ауқымды жұмыстар Махамбет ауданында. Өйткені, каналдардың тең жартысы осы аудан аумағында орналасқан. Осы жылы мұнда "Сары-Өзек" пен "Алға-Егіз" каналдарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында аяқталады деп күтілуде, - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.Ал, қалған "7 ауыл-Айсары", "Бақсай", "Құрсай", "Есбол-Қозыбай", "Сборный" каналдарына жөндеу жұмыстары үшін жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясы өтті
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы