7 Тамыз 2021 2021, 09:30

Атырау облысында соңғы соғыс ардагері қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 тамызда Атырау облысындағы Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы ардагері Закария Сұлтанов өмірден өтті. Ол 96 жаста еді, деп хабарлайды azh.kz.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 тамызда Атырау облысындағы Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы ардагері Зәкәрия Сұлтанов өмірден өтті. Ол 96 жаста еді, деп хабарлайды azh.kz.

Зәкәрия Сұлтанов 1925 жылы Забуруньеде дүниеге келген. 1943 жылы шақырылып, Беларусь майданының құрамында 143-ші полкте соғысқан. Үйнге 1946 жылы оралған.

ІІ дәрежелі Даңқ орденімен, естелік медальдармен марапатталған.