Атырау облысында шомылу үшін қауіпті 70 учаске айқындалды
Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы бойынша ТЖД-нің өкілі айтты деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мониторинг нәтижесімен Атырау облысы аумағында 70 қауіпті су учаскесі анықталып, оларда шомылуға тиым салынды. Осындай жерлерде 238 тиым салу белгісі мен 9 ақпараттық стенд орнатылған.
Қазіргі кезде ТЖД мен полиция қызметкерлері азаматтардың судағы қауіпсіздік талаптарын бұзуына жол бермеу және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастыруда. Балаларын қарамай қалған ата-аналарға жыл басынан бері 3 айыппұл салынды. ТЖД қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің арқасында ғана бұл балалар аман қалды,- деді Атырау облысы бойынша ТЖД-нің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бақыт Абланов.
Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау облысында 12 адам, соның ішінде 2 бала суға батып кетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақсудың қызылшадан өнімі аз
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы