1 Қыркүйек 2024 2024, 06:14 Фото: ашық дереккөз

Атырау облысында шабақтарды құтқару жалғасуда

Атырау облысында су деңгейі төмендеп, арналарда қалып қойған шабақтарды құтқару жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысында су деңгейі төмендеп, арналарда қалып қойған шабақтарды құтқару жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27-28 тамыз аралығында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері Индер ауданындағы бөлініп қалған шалшық сулардан 1 миллион 280 мың шабақты құтқарып қалды. Маломокриый каналынан 37 мың шабақ шығарылып, Жайыққа жіберілді.

30 тамызда Соколок каналынан 17 мың шабақ құтқарылып, кейін олар да өзенге жіберілді.