Атырау облысында қыстақта қалып қойған адам құтқарылды

Атырау облысы Жылыой ауданында Жем өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты, елді-мекендерге қауіп төнді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сілтеме жасап.

Атырау облысы ТЖД құтқарушылары тұрғындарға және олардың төрт түлік малдарын қауіпсіз жерге көшіруге көмек көрсетуде.

2024 жылғы 7 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласы Дүйсеке ата қыстағынан 1982 ж.т азамат құтқарылды.

Өңір тұрғыны Маңғыстау облысы ТЖД, Атырау облысы ТЖД құтқарушыларына алғыс білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы