Атырау облысында құтқарушылар тобы күшейтіледі

Атырау облысында құтқарушылар тобы күшейтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазір су тасқыны салдарын жоюдың белсенді кезеңі жүріп жатыр.

Өңірге Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов барды. Оның тапсырмасы бойынша жақын арада Жылыой және Махамбет аудандарына қосымша арнайы техника жеткізіледі. Бөгеттерді нығайту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы