Атырау облысында қорғаныс бөгеттерін қосымша бекіту жұмыстары жүргізілуде

Атырау облысындағы су тасқыны жағдайы туралы ТЖМ сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда Атырау облысының Жылыой ауданында су тасқынының салдарын жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Атырау қаласында, Индер және Махамбет аудандарында суды қауіпсіз өткізу бойынша іс-шаралар жалғасуда. Атап айтқанда, қорғаныс бөгеттерін шифермен қосымша бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Су тасқыны басталғаннан бері облыста шамамен 7,3 млн текше метр су айдалды, 5,2 млн.қапшық және 439 мың тонна инертті материал төселді. Құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік жүргізеді. Жағдай бақылауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы