Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр
Атырау облысында тағы да қамыс өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 7 күннен бері қызыл жалынмен арпалысып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Хабар24 жазды.
Қамыс өскен алқап батпақты болғандықтан арнайы техника бара алмайды. Сондықтан өрт сөндірушілер аумаққа жаяу өтіп, қарапайым құрылғылардың көмегімен қайрат қылуда.
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК АҚ ғарыштан түсірген суреттерде 1500 гектардан астам жердің отқа оранғанын көруге болады. Қазір өртенген алқапта 18 өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Өрт ошағы елдімекеннен қашық болғандықтан адамдарға қауіп жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да жолда жүк көлігі жанып кетті
Өзгелердің жаңалығы