Атырау облысында полицейлер көпбалалы отбасылардың үйлеріне өрт дабылын орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда адам өлімінің тұрғын сектордағы өрт салдарынан болуы өзекті мәселелердің бірі, оның себебі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң бұзу болып табылады. Өрттің негізгі себептері әлі де өрт қауіпсіздігін сақтамау, пешті жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы, қатты отынмен жанатын пештерді, электрсымдарын пайдалану және құру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы.

Сол себепті, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қазіргі әлемнің дамуы мен жаңа қауіптер жағдайында өрттің пайда болуымен байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізуге көп көңіл бөледі.

Өрт санының көбеюіне жол бермеу мақсатында департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, облыстың тұрғын үй секторларында күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізуде.

"Профилактикалық жұмысты кең көлемде жүргізу үшін департаменттің УАЗ автокөлігі жұмылдырылды. Аталған автокөліктің дауыс зорайтқыш құралымен жабдықталуы көп адамды қамтуға мүмкіндік береді. Рейд барысында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға ерекше көңіл бөлінді, өртке қарсы тақырыптар бойынша айтылып, пештер мен сымдардағы анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нақты кеңестер берілді.Сондай-ақ қызметкерлер аз қамтылған және көп балалы отбасылардың үйлеріне өрт дабылын орнатуды жалғастырды", - делінген хабарламада. 

Профилактикалық рейд кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.Профилактикалық рейд шараларының негізгі міндеті - тұрғындарға тұрғын үй ғимараттарындағы өрттің пайда болу себептері мен өрт сөндіру кезінде туындаған мәселелерді жеткізу.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы