Атырау облысында пайдаланылмаған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сотқа сегіз жер учаскесі бойынша талап арыз берілген. Былтыр Атырау облысында 160 меншік иесінен 274 гектер пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылған. Оның ішінде Атырау қаласынан 1875 га, аудандардың ішінен ең көбі, Құрманғазы ауданынан 160 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне өткен, деп жазды inbusiness.kz.
Бұл жөнінде хабарлаған облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы Әлібек Ермекқалидың айтуынша, мұның ішінде Индер ауданынан Франция азаматының лаванда өсіру үшін алған жері де бар. Ол 2015 жылы шетелдік азаматтың 75 пайыз қаржылай үлесімен 25 жылға берілген. Ал ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлерді сатуға және жалға беруге қабылданған бес жылдық мораторий 2016 жылы жарияланған болатын. Одан бергі уақытта аталған учаскеде ешбір жұмыс жүрмегендіктен қазіргі күні қайтарылып, құжаттары рәсімделіп жатыр.Өкінішке қарай, кей жағдайларда тұрғындардың алуын алғанмен, қажетке жаратып, пайдаға асырмаған жерлерін сот арқылы қайтарып алуға тура келеді.
Өткен жыл қорытындысымен 26 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 24 заң бұзушылық анықталып, олар бойынша әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде, 8 млн 489 мың теңге айыппұл салынып, қазірде жергілікті бюджетке 5 млн.теңгеден астам сома келіп түсті, – дейді Атырау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бастығы Гүлзия Құрманова.Сол сияқты, Жер кодексінің 92 бабына сәйкес, кәсіпкерлік мақсаттағы пайдаланылмаған 8 жер учаскесін қайтару туралы сотқа талап арыз берілген. Оның ішінен әзірге біреуіне ғана жауап берілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында «Enbek Navigator» іске қосылды
Өзгелердің жаңалығы