Атырау облысында өрт кезінде екі бала қаза тапты

25 сәуірде сағат 5:37 минутта Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатырғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде аталған мекен жайдағы 5 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатында орналасқан пәтердің толықтай жанып кеткенін анықтады. Өрт кезінде үйдің жатын бөлмесінен 2014 жылы және 2017 жылы туған балалардың денелері табылды, сондай-ақ анасы: 1995 жылы туған  және 1994 жылы туған ер адам ес-түссіз күйде табылып,  жедел жәрдем қызметкерлері аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген, - делінген Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай жойылды.

Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс жасауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы