Атырау облысында медицина саласына тартылған инвестиция көлемі артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда медицина саласына инвестиция тарту мемлекеттің даму алғы шарттарындағы басым бағыттардың бірі. Осы орайда, Атырау облысында да мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында «Медикер Жайық» ЖШС қалалық №2 емхананы сенімгерлікпен басқарып, 140 миллион теңгеден астам инвестиция құйды.
Соның ішінде 68 миллион теңге медициналық құралдарды сатып алуға және 72 миллион теңге емхана ішіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалды. Нәтижесінде медициналық көмектің қолжетімділігі артып, емхана базасы айтарлықтай жаңарды.
Айта кетейік, Медикер компаниясы 20 жылдық тәжірибесі бар медициналық ұйым. Еліміздің 20-дан астам аймағында арнайы орталықтары жұмыс жасайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Каспий флотилиясы кемелері Ақтау портына достық сапармен келді
Өзгелердің жаңалығы