Жедел-басқару орталығын жаңартуға 1,8 млрд теңге бөлініп, камералардың саны екі есеге дейін көбейгеніне қарамастан, құқық бұзушылықты анықтау үлесі төмен деңгейде екені белгілі болды.
"Сондай-ақ, ҚР құқық бұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған Кешенді жоспарының бірқатар іс-шаралары формальды түрде орындалып, мақсатты индикаторларға қол жеткізілмеген.
Мысалы, 2018 жылы борттық компьютерлермен және GPS жүйелерімен қамтылған полицияның қызметтік автокөліктері санының қажетті нормаларын 90% дейін жеткізу көзделгенімен, бұл көрсеткіш тек 51,2% құрады. Атырау қаласы аумағындағы кейбір сауда орталықтар және базарлардың бейнекамералары Жедел басқару орталығына қосылмаған", - делінген таратылған ақпаратта.
Осы тектес, құқық бұзушылықтар жасаудың негізгі ошағы, соның ішінде жер үйлер орналасқан кейбір шағын аудандарында бейнебақылау камералары орнатылмаған.
Отырыста осы секілді облыстық прокуратурамен анықталған бірқатар жүйелі мәселелер тыңдалды. Отырыс қорытындысымен тиісті міндеттер қойылды және Үйлестіру кеңесі мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, құқық бұзушылық профилактикасын тиімділігін көтеру бағытында нақты шаралар әзірленді.