Атырау облысында індет жұқтырғандар саны 120-ға жуықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда Covid-19 індетін жұқтырғандар саны 119-ға жетті. Теңіз кенішінде короновирустық инфекцияның тағы бір жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.
Қауіпті індет 1987 жылы туған ер адамнан табылды. Бұған дейін коронавирустық инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға жатқызылған. Қазіргі уақытта қарым-қатынаста болғандар анықталып оқшауланған. Инфекция ошақтарында дезинфекция жұмыстарф жүргізілуде - делінген хабарламада.
Қазіргі жағдайда Атырау облысында короновирус инфекциясын жұқтырғандар саны 119-ға жетті. Дерттен айыққандар саны - 47.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теміртау қаласында 6 адамның індет жұқтырғаны анықталды
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы