Атырау облысында эвакуациялау үшін 15 мың орын дайындалды

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкім орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта Жылыой ауданының 12 мың тұрғыны үш бағыт бойынша: Маңғыстау облысына, Атырау қаласына және Теңіз кен орнына көшірілді.

Су тасқыны жағдайына байланысты эвакуация бүгін де жалғасады. Атырау қаласында эвакуацияланған азаматтарды қабылдау үшін 5 мың бос орын бар. Теңіз кен орнында эвакуацияланатын азаматтар үшін бос орындар қоры шамамен 10 мыңды құрайды, - деді Бисембиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы