Атырау облысында Әдеп кодексі бойынша кеңестер берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы уақытта әлеуметтік желі арқылы онлайн-кеңес алушылар саны артты, дейді Атырау облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметова.
Қазіргі карантиндік жағдайға байланысты, Атырау облысы әкімдігінің 80 пайыз мемлекеттік қызметшілері қашықтан жұмыс жасау режиміне көшті.
Олардың қатарында мен де бармын. Алайда қашықтан жұмыс істеу сіздерден қашықтау деген сөз емес. Қабылдаулар онлайн режимде өтуде. Күні бүгінге дейін ватсап желісі арқылы 100-ден астам азаматқа консультациялық кеңес беріліп, шағымдар тыңдалып, шешімін тапты, - дейді Фарида Ахметова.
Айта кетейік, облыстың Әдеп жөніндегі өкілі ҚР Мемлекеттік қызметі және ҚР Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдары, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің аясында консультациялық кеңес беріп, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қатысты ұсыныс-пікірлер мен шағымдарды қабылдайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы көшелерін залалсыздандыру жалғасып жатыр
Келесі жаңалық
Халық инфосығандардан қалай қорғалады
Өзгелердің жаңалығы