Атырау облысында бірнеше автожол уақытша жабылды

Атырау облысында бірнеше бағыттағы жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келесі автомобиль жолдарын су алу қаупіне байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылып отыр.

«Атырау-Орал» автожолының 71-179 шақырымы, Махамбет - Индер елді мекендердің учаскесі (жүк көліктері үшін).

«Атырау-Орал» автожолының 179-189 шақырымы, Индер елді мекені - БҚО шекарасы.

БҚО-да Атырау облысында орын алған су тасқынға байланысты жүк көліктерінің қозғалысы да шектелді.

«Атырау-Орал» автожолының 189-492 шақырымы, Орал қ. - Атырау облысы шекарасы учаскесі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы