Атырау облысында бір тәулікте 2 жүкті әйел қайтыс болған

Оқыс жағдайдың біреуі Атырау облысына қарасты Мақат ауданында болса, енді бірі шаhардың өзінде тіркелген, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық ауруханада көз жұмған азаматша медициналық мекемеге 9 қазан күні түскен. Жүктіліктің 12 аптасында болған 33 жастағы келіншекке 2022 жылдың мамыр айында «менингиома» диагнозы қойылыпты. Бас ауруының өршуіне байланысты сәуірде тексерістен өтіп, емделген. Алайда 1 апта бұрын дерті асқынып, дәрігерлер көмегіне жүгінеді.

Қабылдау кезінде пациенттің бас ауруы, басының айналуы, жүрегінің айнуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, көру қабілетінің нашарлауы, жалпы әлсіздік туралы шағымдары болған.Ауруханада зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, мамандардың кеңестері берілді. Тиісті ем шаралары тағайындалды. Екі күннен кейін, 11 қазанда, жағдайдың нашарлауына байланысты науқас реанимация бөліміне ауыстырылды және механикалық желдету аппаратына қосылды. Алайда дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, науқас 12 қазанда қайтыс болды, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.

Ал Мақат ауданындағы орталық аурухана қабырғасында көз жұмған әйел 34 жаста. Жүктіліктің 34 аптасында болған келіншекке «пнемония» диагнозы қойылған. 12 қазанда ауруханаға түскен оның жағдайы аса ауыр болыпты. Дереу механикалық желдету аппаратына қосылған оның бірнеше сағат ішінде үш рет жүрегі тоқтаған. Ақ халаттылар жүрек қағысын реттегенімен, науқас барлық реанимациялық шараларға қарамастан сол күні кешке қайтыс болған.

Екі әйелдің жасы 33-34 жас. Жүктіліктері жоспарланған. Дәрігерлерге үнемі қаралып тұрған. Екеуі де COVID 19-ға қарсы екпе алған. Екі жағдайда да жүкті әйелдердің денсаулығы мен өлімінің нашарлауының болжамды себебі септикалық шок, мүмкін вирустық-бактериялық генезис, септикалық пневмония, жалпы ауырлықтағы потологиялық жағдай. Түпкілікті себептер қызметтік тергеу барысында және паталогоанатомиялық ашу нәтижелерінен кейін нақтыланатын болады.Инфекцияның қоздырғышын анықтау үшін вирусологиялық және бактериологиялық зерттеулерге сынамалар алынды, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Жалпы Атырау облысында өткен жылы ана мен бала өлімі бойынша 16, биылғы жыл басынан бері 5 факті тіркелген. Сонымен қатар, сәби өлімі де өршіп тұр. Соңғы 9 айдың өзінде өңірде 114 сәби түрлі себептен көз жұмған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы