Атырау облысында білім ордаларындағы асханалардың қызметіне рұқсат етілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 60%-ы қашықтан жұмыс істеуге ауысты. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәгігерінің қаулысында айтылған.
Сонымен қатар ХҚКО сенбі күні 09.00-ден 13.00-ге дейін жұмысына рұқсат берілді. Білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етілді.Сауда үйлері мен сауда орталықтары, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс уақыты 09.00-ден 20.00-ге дейін ұзартылды.
Қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 08.00-ден 24.00-ге дейін, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатып, 50% дейін толтырылуымен жұмыс жасауға рұқсат етілді.
Сауналар, СПА орталықтары, бассейндердің сенбі күні 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жануарлар мен құстарға да екпе салынады
Өзгелердің жаңалығы