Атырау облысында ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі артып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алқаптарының көлемі 8,933 мың гектарға жетті. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Нақтырақ айтсақ, биыл жылдың 7 айының өзінде жемістер мен көкөністердің жалпы көлемі 18000 тоннадан асты.
"Қазіргі уақытта жалпы егіс алқабының 1466 гектарынан 18 712 тонна өнім жиналды. Оның ішінде 1 510 тонна картоп, 6,230 тонна көкөніс, 7 762 тонна қауын, 3 210 тонна жемшөп дақылдары. Егін жинау әлі де жалғасуда", - деді Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбаев.
Сондай-ақ, 70 миллионнан данадан аса жұмыртқа, 38 тоннадан астам сүт және 25 тоннадан астам ет өндірілді. Бүгінгі таңда облыста 200 мыңға жуық ірі қара мал, 34 мыңнан астам түйе, 84 мыңнан астам жылқы, қой 680 мыңнан асады және 404 мыңнан астам тауық бар.
Жалпы, облыста 2467 шаруа қожалығы бар, оның 1422-і мал шаруашылығымен айналысады.